Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Қарағандыда әкімнің орынбасары пара күдігімен қамауға алынды
ҚАРАҒАНДЫ. 17 ақпан. Қарағандыда әкімнің орынбасары пара алды күдікпен құқық қорғаушылардың қолына түсті. Бұл туралы Arbat.media хабарлады.
Әңгіме қаладағы Әлихан Бөкейханов ауданы әкімінің орынбасары жайлы болып отыр.
«Вечерняя Караганда» газетінде жазылғандай, мұны Қарағанды облыстық жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Мұрат Төлеубаев бүгін берген брифингінде мәлімдеген.
«Мен деректің анықтығын растаймын. Қазіргі таңда қылмыстық тексеру жүріп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ», – деді ол.