Түркияда сапасыз ғимараттар салғандарды қамауға алу басталды
АНКАРА. 12 ақпан. Түркияда жер сілкінісі нәтижесінде қирап қалған ғимараттарды салуға қатыстары бар 134 жауапты адамды қамауға ордер берілді. Бұл туралы TRT хабарлады.
Түркия әділет министрі Бекир Боздаг бүгін жер сілкінісінің зардаптарына байланысты тергеу барысында 134 күдіктінің анықталғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұлардың үшеуі осы кезге дейін қамауға алынған, тағы жеті адам кейін ұсталған. Ал қалған 114 күдіктіні іздестіру жалғасып жатыр.
Ведомство басшысы апат аймағында өтетін тиісті сот отырысының екі айға кейінге қалдырылғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, биылғы 6 ақпан күні таң азанда Кахраманмараш қаласының Пазарджик ауданында тербелісі 7,7 балдық, ал Эльбистан ауданында 7,6 балдық жер сілкінісі басталған болатын. Сол күні Нурдагы ауданында 6,4 балдық, Газиантеп веләятындағы Ислахиеде 6,5 балдық жерасты дүмпулері тіркелді. Стихиялық апат
Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатья және Элязыг уәлаяттарын қамтыды. Зілзаланың дүмпуі елдің байтағы Анкара шаһарында да білінді.
Түркияда қазір жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 29 605 адамға жетті.