Еуропа одағы Ресей мұнайына кезекті мәрте күйрете соққы беріп отыр
БРЮССЕЛЬ. 5 ақпан. Еуропа одағының Ресей мұнайына қойған шектеуі 5 ақпаннан бастап күшіне еніп, соғысқұмар басқыншы мемлекеттің экономикасын тұралатудың тағы бір тетігі іске қосылды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.
Еуропа одағы Ресей мұнайына кезекті мәрте күйрете соққы берді: РФ-дан шыққан шикі мұнай бағасының шарықтау шегі барреліне 60 доллар деңгейінде болып белгіленгеннен кейін Еупопа шенеуніктері Ресей мұнай өнімдерінің бағасына шекті құн қойылғанын жариялады.
РФ бензині мен дизельді отынына шекті баға барреліне 100 доллар болып бекітілсе, дисконтпен сатылған өнімдер деңгейі барреліне 45 доллар шамасына тұрақталды.
Шешім 5 ақпанда күшіне енді. Түсіндірмеде жоғарыда атап көрсетілген мерзімнен бұрын толтырылып, жолға шығарылып кеткен Ресей мұнай өнімдерін тасымалдаушы танкерлер үшін 55 күндік өтпелі кезеңнің енгізілгені айтылған.
Бұдан бөлек, одақтастардың наурыздың ортасында РФ шикі мұнайының бағасын шектеу тетігін қайта қарайтындары да атап өтілген. Мұндай қайта қарау әр екі сайын жүргізіліп тұрады.
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айының басында Ресей мұнайына эмбарго мен бағаның жоғарғы шегі енгізілгеннен кейін РФ-да мұнайдан түсетін табыс күрт құлдырап түсіп кетті, нәтижесінде федералды бюджеттің тапшылығы шарықтап өсті: бүгінгі қалыптасып отырған жағдайға қарай нарықтағы «тесік» 5 трлн рубльден де жоғары кетіп қалуы мүмкін болып тұр.
Биылғы қаңтардағы Ресейдің басты экспорт маркасы – Urals орта есеппен жылдық өлшемнен 42 пайызға арзандап, баррелінің орташа бағасы 49,48 доллар болды.