Түркия мен Сириядағы зілзала құрбандықтары саны 1600 адамға жетті
АНКАРА. 6 ақпан. Бүгін азаннан Түркия мен Сирия жерлерін қамтыған өте күшті жер сілкінісі 1600 адамның өмірін жұлып әкетті, құрбандықтар саны әлі де өсе түсуде. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Мамандар мұны «ғасыр зілзаласы» деп атап отыр.
6 ақпан күні таңертең басталған жер сілкінісі Түркия мен Сирияны дүр сілкіндірді. Алғашқы дүмпулер жергілікті уақыт бойынша 04:17 сағатта орын алды. Оның ошағы Газиантеп қаласына жақын жерден бой көрсетті. Ал магнитудасы 7,7 балл болған екінші сілкініс Кахранмараш веләятынан көтерілді.
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған іле-шала мәлімдеме жасаған кезде апатта опат болғандар саны 912 еді, кейін олардың қатары алдымен 1300-ге, соңынан 1600-ге жетті.
Ердоған Түркияда мұндай ірі жер сілкінісі 1939 жылдан кейін болмағанын айтты.
Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлу сілкініс дүмпуі Газиантеп, Кахраманмараш, Хатай, Османие, Адыяман, Малатья, Шанлыурфа, Адана, Диярбакыр және Килис қалаларына жеткенін баяндады. Соның ішінде Малатья веләятында 140 ғимарат қирап қалды. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне кірген Газиантеп тарихи бекінісі жойылып кетті. Сондай-ақ Хатай велаятында ірі газ құбыры жарылды.
Өз кезегінде Сирия денсаулық сақтау министрі өз елінде қаза тапқандардың – 380, ал зардап шеккендердің 1000-нан асып кеткенін жеткізді. Бұл мемлекетте Алеппо, Латауия, Хама және Тартус провинцияларындағы инфрақұрылысдар әртүрлі деңгейде қирауға ұшыраған.
Бірқатар дәулеттер қайғылы оқиғаға байланысты Түркияға көмек көрсету ниетін білдірді. Олардың арасында Әзербайжан, Польша, Болгария және Иран бірінші болып қамқор қолдарын созды. Space X негізін қалаушы Илон Маск төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға атсалысуы үшін Starlink терминалын Түркияға беруді ұсынды. Израиль өз көмегін Сирияны зардап шеккен азаматтарына арнайды, деді премьер-министр Биньямин Нетаньяху.
Вашингтон Түркияға кез келген жәрдемді беруге дайын екенін білдірді. Сол сияқты Украина президенті Володимир Зеленьский де осы мазмұнда мәлімдеме жасады.