Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Еуропа одағы 2027 жылы Ресей газын алуды тоқтатуға келісті

БРЮССЕЛЬ. 26 қаңтар. Еуропа одағы елдері бүгін ресми түрде Ресей газын сатып алуды 2027 жылдан бастап толық тоқтату жайлы шешім қабылдады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

60-шы жылдары Кеңес Одағының, кейін Ресей экономикасының Еуропаға бағытталған бұл алып секторы енді бір жарым жылдан астам уақыттан кейін жабылады.

ЕО кеңесінің мәлімдемесіне сәйкес, сұйытылған табиғи газ импортына толық тыйым салу 2027 жылдың басында күшіне енеді. Алайда құбырмен жеткізілетін «көгілдір отынның» уақыты сәл созылады, олар келесі жылдың күзінде тоқтатылады.

ЕО ресми журналында жарияланғаннан кейін күшіне енетін жаңа ережелерге энергия көздерін бақылау және әртараптандыру шаралары да кіреді. Қалған ресейлік газ жеткізілімдерін біртіндеп тоқтату жүреді: ережелер күшіне енгеннен кейін алты аптадан кейін қолданыстағы келісімшарттар тоқтатылатын өтпелі кезең басталады. 2026 жылдың 1 наурызына дейін елдер газ жеткізілімін әртараптандыру жоспарларын дайындауы және ресейлік газдан басқа көздерден алынатын отынға көшудегі ықтимал қиындықтарды анықтауы керек.

Әдеттегідей Венгрия мен Словакия дәстүрлі түрде тыйым салуға қарсылық танытты, бірақ енді олар ЕО шешімін орындауға мәжбүр болады.

Дегенмен, сауалнамалар болжағандай, егер оппозициялық «Тиса» партиясы сәуірдегі сайлауда жеңіске жетсе, Венгрияның ұстанымы өзгеруі мүмкін. Қазір «Тисаның» сыртқы саясатына жауапты Анита Орбан (қазіргі премьер-министр Виктор Орбанмен туыстығы жоқ) жариялаған бейне мәлімдемеде ол жаңа үкімет ЕО шешімдерін үнемі бұғаттауды тоқтататынын мәлімдеді.

Украинадағы соғысқа дейін ЕО газ импортындағы Ресейдің үлесі 40%-дан аса болатын. 2025 жылы ол шамамен 13%-ға дейін түсті. Сол сияқты қазір Ресей мұнайының үлесі 3%-дан да төменге құлдырап кетті.

«Еуропалық комиссия 2027 жылдың соңына дейін Ресей мұнайының импортын біртіндеп тоқтату туралы заңнама ұсынуды жоспарлап отыр», – деп атап көрсетті Bloomberg.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button