Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Зимбабведе Лукашенконы құрметті қарауыл мен теке шығарып салды

ХАРАРЕ. 2 ақпан. Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Африкадағы Зимбабве мемлекетіне жасаған сапарын аяқтады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.

«Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің Зимбабвеге сапарын тәмамдады. Мейманды аэропортта құрметті қарауылмен, музыкамен, бимен және текемен шығарып салды», – деп жазды интернет-басылым.

Осы сәт жайындағы видеоны «Пул Первого» Telegram-каналына белорус президентінің баспасөз қызметіне жақын біреу жариялады.

«Ал жергілікті қарауыл ротасының штатында өзгеше бір қызметкер бар екен», – деп атап өтті канал авторлары.

Ақпарға сәйкес, айтылып тұрған текенің мүйізі, тұяғы және құйрығы боялып қойылыпты. Ол құрметті қарауылдың қатарында тұрған.

Рас, хабарда сондай-ақ Лукашенконы әуежайда Зимбабвенің президенті Эммерсон Мнангагваның өзі шығарып салғаны айтылады. Сол жерде ол белорус лидеріне сапары барысынан түсірілген фотоальбомды ескерткіш ретінде тапсырған. Аэропорт алаңында жергілікті шеберлер күлшелі қонақтың құрметіне ән салып, би билеген.

Бұған дейін Беларусьтің Зимбабвеге бірқатар қару-жарақтар сатқаны белгілі болды. Шамасы, ел басшысы осыған қатты риза болса керек.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button