Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қазақстан РФ мен Беларуське «ілік» болуды тоқтатқалы жатыр

АСТАНА. 31 қаңтар. Қазақстан билігі Ресей мен Беларусь тасымалдаушыларын санкцияны айналып өтіп, Еуропа рыногымен жұмыс істей беру мүмкіндігінен айырады. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.

Қазақстан билігі енді айға жетпейтін уақыт ішінде, 20 ақпанда шетелдік автотасымалдаушылар үшін жұмыс істеу ережесін қатайтады. Жаңадан құрылған компаниялар халықаралық жүктерді тасымалдауға жіберілу құқығынан айырылады. Бұған дейін бұл «лазейканы», яғни ілгекті ілікті  РФ мен Беларусьтің автомобиль тасымалдаушылары санкцияны айналып өтіп, Еуропа елдерімен жұмыс жасасу үшін жақсы пайдаланып келген еді.

Республика автотасымалдаушылар мен экспедиторлар басқармасының төрағасы Әсел Садықова Украинада кең ауқымды соғыс басталғалы бері Ресей мен Беларусьтің 5 мыңнан аса жүкшілерінің Қазақстанда қайта тіркелу процедурасынан өткенін айтады. Жаңа құжаттар оларға «тыйым салынған» бағыттарда жұмыс істеуге мүмкіндік берген. Алайда тілек білдірушілердің көп болғандары сондай, халықаралық тасымалдарға қызмет ететін фуралардың саны содан бері 2,3 есеге дейін көбейіп кеткен. Қорытындысында бұрын-соңды болмаған ахуал қалыптасқан: жаңадан келгендер (ресейліктер мен белорустар) аз уақыттың ішінде рыноктың 70 пайызына егелік етіп шыға келді де, қазақстандықтардың Еуропаға сапарға шығу мүмкіндіктері мүлде қиындап кетті. Жергілікті тасымалдаушылар тапсырыстарын күрт жоғалта бастады. Бұдан кейін олар биліктен жағдайды шешіп беруді үзілді-кесілді талап етті.

Садықованың айтуынша, ақпанның үшінші онкүндігінде күшіне енетін жаңа ереже бұдан әрі шетелдіктердің Қазақстанда қайта тіркеуден өтулеріне және жергілікті компаниялардың жұмыстарын тартып алуларына жол бермейді. Осылайша, Астана өз азаматтарының құқықтарын қорғап жатыр.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button