Ресей басып алған жерлерінде «Русский мир» телеарнасын тарата бастады
МӘСКЕУ. 22 қаңтар. Ресей билігі Украинаның өзі басып алған өңірлерінде «Русский мир» деген атаумен жаңа спутникті телевидение ашып жатыр. Бұл туралы The Noscow News хабарлады.
Ресей пропагандасының арнасы Украинаның жау уақытша жаулап алған территориялары – Қырымда (Симферопольде), Севастопольде, өзін өзі жариялаған Донецк және Луганск халық респуликаларында, сондай-ақ Херсон және Запорожье облыстарында пайда болды.
Оператор өз эфирлерін федералды және жергілікті телеарналарда желтоқсан айынан бері таратып келеді. Оның қызметі тегін. «Ведомости» басылымы жобаның Жалпыресейлік халық қорының қатысуымен жүзеге асырылғанын жазды. Телеарна Ресей армиясына «ақпараттық қолдау» көрсету үшін қызмет етеді.
«Русский мирдің» құрылтайшысы ретінде Луганскідегі осы аттас, яғни «Русский мир» деген компания тіркелген.