Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасынан шығарылды
ЦЮРИХ. 15 ақпан. Еуропа футбол ассоциациялары одағы (УЕФА) ағылшынның «Манчестер Сити» клубын Чемпиондар лигасынан екі жылға шығарып тастады. Бұл туралы UEFA өзінің ресми сайтында жариялады.
Англия футбол командасына мұндай қатаң жаза клубтың қаржы қитұрқылықтарына жол бергеніне байланысты қолданылып отыр. Осылай екі жыл Еуропа Чемпиондар лигасында ойнау құқынан айырылған жасақ бұдан бөлек 30 млн еуро көлемінде айыппұл төлейді.
Сөйтіп, «Манчестер Сити» айтылған лигада 2020/2021 және 2021/2022 маусымдарда өнер көрсете алмайды.