ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

«Ресей халқының 99,9 пайызы Путин үшін жанын беруге дайын отыр»

МӘСКЕУ. 26 желтоқсан. РФ президенті Владимир Путин ресейліктердің 99,9 пайызының ел үшін өзін өзі құрбан етуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Әлбетте, Ресей лидері мұны қазіргі өзі жүргізіп жатқан соғысқа қатысты айтып отыр. Ал «ел үшін өзін өзі құрбан етуге дайын» деген мәтіннің астары сол соғысты бастап беріп, жалғастырып отырға «мен үшін жандарын беруге бар» дегенді білдіреді.

«Ресейліктердің көпшілігі «отанның мүддесі үшін бәрін беруге» әзір, деп бір жаңалықты жайып салды Путин. Ол ел халқының 99,9 пайызының осыған ойланбай бара беретініне еш күмәнданбайды.

«Бұл жерде мен үшін әдеттен тыс ештеңе жоқ. Мұның өзі Ресейдің айрықша ел екеніне, ал онда тұратын халықтың айрықша адамдар екеніне тағы да менің көзімді жеткізе түседі», – деді ол «Россия 1» телеарнасының «Москва. Кремль. Путин» деген бағдарламасында.

Путин сонымен бірге Украинамен соғыс аясында «өздерін шынайы патриот» ретінде көрсете алмағандарды «айрықша айыптай қоймайтынын» да айтты. Бұған «таң қалатын ештеңе жоқ», өйткені «кез келген қоғамда ең алдымен өзінің жеке мүдделерін ойлайтын адамдар кездеседі», деді ол. «Әр адамның өз таңдауы болады» дегенді қосты сосын.

Бұдан бұрын Путин армияның майданда кездесіп жатқан проблемаларын мойындап, оларға Украинамен ұзақ мерзімге созылатын соғысқа дайындала беру керек екенін ескерткен болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button