Украина екінші рет Ресейдің Энгельстегі аэродромына шабуыл жасады
МӘСКЕУ. 26 желтоқсан. Украинаның ұшқышсыз ұшақтары соңғы ай ішінде Ресейдің Энгельстегі авиациялық аэродромына екінші мәрте әуеден соққы берді. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
«26 желтоқсанға қараған түні Ресей Федерациясының алыстағы стратегиялық авиациясы орналасқан «Энгельс-2» ауданында жарылыстар даусы естілді», – делінген хабарламада.
«Острожно, новости» айғақтағандай, Энгельс-2 аэродромында жарылыстар орын алғаны рас. Baza телеграм-каналдың мәліметі бойынша, соққыдан кейін тұтанған өрттің аумағы 120 шаршы метрді шарпыған, үш адам қаза тауып, тағы төрт әскери госпитальге жатқызылған.
РФ қорғаныс министрлігі Энгельсте жарылыс оқиғасы тіркелгенін мойындады. Ведомствоның ақпарынша, ПВО қару-жарақтары Саратов облысындағы Энгельс әскери аэродромында украинның бір дронын атып түсірген. Бірақ авиациялық техникалар ешқандай залал шекпеген.
Бұдан бұрын Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин өзінің телеграм-каналында «қаланың тұрғын үй махаллаларында ешқандай төтенше жағдай орын алмағанын» баяндаған болатын.
The Moscow Times басылымы мәнбесінің айтуынша, РФ президенті Владимир Путин бүгін өткізген кеңесінде Украина шекарасынан шамамен 700 шақырым жердегі аэродромға дрондардың диверсия жасауы мәселесі арнайы қаралған. Отырыста әскерилер енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын айтып, өз көсемдері алдында ант-су ішкен. Бірақ олардың ешқайсысы бұған 100 пайыздық кепілдік бере алмаған.