Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Украина президенті Володимир Зеленьский «Жыл адамы» атанды
НЬЮ-ЙОРК. 17 желтоқсан. АҚШ-тың «Time» журналының шешімімен Украина президенті Володимир Зеленьский «Жыл адамы» атағына ие болды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Күткендегідей, 2022 жылдың соңында дәстүрлі «Жыл қорытындысы» жанрының басты кейіпкері Ресей-Украина соғысымен тікелей байланыста болып шықты.
Американың «Time» журналы Украина президенті Володимир Зеленьский кетіп бара жатқан жылдың символы және «Украинаның рухы» деп таныды. Ал тағы бір беделді басылым – «Politico»-ның болжамы бойынша, Зеленьский Еуропадағы 2022 жылғы ең ықпалды адам болып саналып отыр.
Ал бұдан бір апта уақыт бұрын РФ президенті Владимир Путин «Жылдың жолы болмаған адамы» («Неудачник года») деген кері атаққа ие болып еді.