Украина Қарулы күштері Луганск жерінде жауға күйрете соққы береді
КИЕВ. 8 желтоқсан. Украина Қарулы күштері Луганск облысының аумағында ілгері жылжыды, жақында қуаныщты жаңалық болады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Луганск облысының басшысы Сергий Гайдай Telegram-ға осының жайын жазды.
«Біз ақырындап алға (Сватово-Кременная – ред.) жылжып келеміз. Алайда ресейліктер онда орасан зор техника мен жеке құрамды: жаңадан мобилизацияланғандарды да, түрмедегілерді де, кадыровшыларды да, тұрақты армияны да, десанттар бөлімін де Херсон бағытынан әкеліп үлгерді. Сондықтан ілгері жылжу қиындап кетті. Енді жылдам шабуыл жасайтын операцияны күтіп қажеті жоқ. Бірақ таяу күндерде Бас штабтың бізді жақсы жаңалықтармен қуантатынына сенімдімін», – деп атап өтті ол.
Гайдай сонымен қатар осы қыстың Луганск бағытындағы ұрыс қимылдарының тағдырын шешіп кететініне келісетінін білдірді. Ол Украина Қарулы күштері қыстың аяғында кем дегенде облыстың 24 ақпанға дейінгі «шекарасына» шығады деп есептейді.
Бұған қоса, Гайдай ресейлік әскерилердің украин жауынгерлерін Луганск өңірінде әбден титықтатуға тырысатынын айтты. Бұл үшін РФ командованиесі мұнда «зектер» мен жаңа әскерге алынғандарды топырлатып жіберіп тұрады. Қазір Сватово мен Кременная елді мекендерінің айналасындағы үйлердің бәрінде содырлар қаптап отыр. Ол сондай-ақ Белогоровкада Украина Қарулы күштерінің қорғаныс ұстап тұрғанын баяндады.
Соғыстың шешуші кезеңі жақындап келе жатыр.
Украина президенті Володимир Зеленьский бүгін соғыстың келесі жылдың көктемінде өздері үшін жеңіспен аяқталып қалуы мүмкін екен мәлімдеді.