АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Севастопольдің орталық бөлігіне украин дроны шабуыл жасады
КИЕВ. 8 желтоқсан. Бүгін таңертең Қырымдағы Севастополь қаласының орталық бөлігінде кезекті жарылыс орын алғаны тіркелді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Мұны растаған оккупациялық «әкімшілік» жарылысты жасаған ұшақсыз ұшақтың атып түсірілгенін баяндады.
Севастопольдің «мэрі» Михаил Развожаев Telegram-ға қаланың орталық бөлігінде күшті жарылыс орын алып, аспанға будақтап түтін ұшқанын жазды.
Бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаның жергілікті уақыт бойынша 6:50-де көрініс бергенін жариялады. Содан бірнеше минут бұрын әуеден ұшырылған ракетаның даусына ұқсас дыбыс естілген.
Развожаев шабуыл жасаған жалғыз беспилотникті Қара теңіз флотының кезекші кемесі теңіз акваториясы үстінде атып түсіргенін жеткізді.