26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Испания құрамасына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

8 Желтоқсан 2022 21:39
- Жаңалықтар, Сайыс
Испания құрамасына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МАДРИД. 8 желтоқсан. Футболдан Испания құрамасы әлем чемпионатында ширек финалға шыға алмай қалғаннан кейін оның бас жаттықтырушысы алмасты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Испания футбол федерациясы бүгін елдің ұлттық құрамасы бас жаттықтырушысының орынтағына Луис де ла Фуэнте тағайындалғанын мәлімдеді.

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші ойынында Коста-Рика командасын 7:0 етіп, ойсырата ұтып, доп додасын табысты бастаған «Қызыл фурия» бұдан кейін біртіндеп божырай берді. Оның плей-офф кезеңіне Марокко құрамасымен ойыны шынында өте нашар болды. Барынша сүреңсіз өткен матчта испандар қарсыластарын ұтып кететіндей ынта да, шеберлік те көрсете алмай, ақырында пенальти сериясында масқара болып ұтылды. Олардың алғашқы үш футболшысы қарсыластар қақпасын дәл көздей алмады. Есесіне, бір рет қана мүлт кеткен марокколықтар үш рет торды бүлк еткізіп, өз мерейлерін үстем етіп шыға келді.

Сөйтіп, Испания құрамасы ширек финалға шыға алмады. Осы үшін бас жаттықтырушы Луис Эрнике елге келгесін бірден қызметінен босатылды.

Оның орнына келіп жатқан Луис де ла Фуэнте бұрын Испанияның жасөспірімдер мен жастар құрамаларында жұмыс істеген. Ол енді өзінің жаңа міндетіне әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін кіріседі. Оның қол астындағы Испания құрамасы 2020 жылы Токиода Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері атанды.

 

Таңбалар: бас жаттықтырушыИспания құрамасыЛуис де ла Фуэнтефутбол

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist