Путин полицейлер санын миллион адамға дейін дерлік етіп көбейтті
МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. РФ президенті Владимир Путин күштік құрылымдар шығындарын көтерумен бірге ішкі істердің штаттық санын күрт ұлғайтты. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Президенттің жарлығына қарағанда, полиция қызметкерлерінің саны 2023 жылы – 992 мың, 2024 жылы – 934 мың, 2025 жылы 938 мың адамға дейін жетуге тиіс. Бірақ штаттық кесте бойынша қанша адамның ел күзетінде, қанша адамның ғимараттарға қызмет етуде болатынын атап көрсетілмеген.
Алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап Ресейде 770 599 ішкі істер органдарының қызметкері, 17 823 федералды мемлекеттік азаматтық қызметкер және 133 639 ІІМ қызметкері болмақ.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің штаттық кестесі 2014 жылғы көктемде Қырым аннексияланғаннан кейін бір көтеріліп еді. Сол жолы штат 894 мың адамға дейін кеңейтілді, олардың 746 мыңы тікелей полицейлер болды.
Биылғы қыркүйектің соңында Украинаның төрт облысын аннексиялап алғанын жариялаған Путин сол күні-ақ ішкі істер министрлігінің орталық аппаратын 180 адамға арттырып, 6 760 қызметкерге жеткізген болатын.
Тұтастай алғанда, ішкі істер министрлігінің, Росгвардияның, арнайы қызметтің, тергеу комитетінің, прокуратураның және ФСИН жүйесінің шығындары 4,417 трлн рубльді құрайды. 2022 жылмен салыстырғанда, шығын 1,5 есеге өскелі тұр.