19 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өңірдің үздігі атану – өміршеңділіктің белгісі

Ұлытау ауылының тірек мектебі алдына осындай мақсат қойып отыр 

6 Желтоқсан 2022 20:05
- Аймақ, Жаңалықтар
Өңірдің үздігі атану – өміршеңділіктің белгісі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бүгін, 6 желтоқсан күні Ұлытау облысындағы Ұлытау ауылдық мектебінде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы таныстырылды.

Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді трансферттеуге және тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп 17 ауылдық мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету жобасында алтыншы болды.

«Қазіргі таңда мектебімізде тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, өңірдегі үздіктердің қатарынан табылу үшін барлық жағдай жасалған деп айта аламын. Жобаның арқасында біздің оқушыларымыз заманауи зертханаларда жаратылыстану ғылымдарын зерделеуге, жабдықталған шеберханаларда жаңа технологияларды талдауға, кәсіби телестудияда әлеуметтік роликтер түсіруге және т.б. мүмкіндік алды. Сонымен қатар, біз мұғалімдердің білім-біліктілігіне ерекше назар аударамыз. Мысалы, «Ауылдық аймақтарда тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» бірлескен жобасы аясында «Назарбаев зияткерлік мектебі» базасында мұғалімдердің тәжірибеден өту бағдарламасы іске қосылды. Демек, еліміздің үздік оқу орнының тәжірибесін пайдаланып, ең мықты материалдық-техникалық базасы бар мектеп ретінде болашаққа деген өршіл жоспар құрып отырмыз», – дейді мектеп директоры Жанар Төлегенова (жоғарыдағы суретте).

Жоба аясында 34 оқу кабинеттері, STEM лаборатория, логопед, арт-студия, шеберлік класстары ашылған. Сондай-ақ алдағы уақытта басқа да мектептермен онлайн тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін телестудия жасақталған.

Қаржылаундыру «Қазақстан халқына» қоры тарапынан жүргізіліп, оған 249 825 000 теңге бөлінді. Beeline Kazakhstan компаниясы жоба доноры ретінде танылады.

Білім беруді тұрақты дамыту қорының және жоба серіктесі «Назарбаев зияткерлік мектебі» мамандарының күшімен мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Талдау нәтижелері негізінде мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалып, ұстаздарға қажетті біліктілік арттыру курстары белгіленді.

Педагогикалық құрамға арналған қарқынды оқыту бағдарламасы 2023 жылдың ақпанына дейін өткізіледі. Алайда бағдарлама аяқталғаннан кейін де мектеп 2025 жылға дейін үш жылдық әдіснамалық сүйемелдеуге көшеді.

«Ең алдымен, Қазақстан халқының басым бөлігі ауылдық жерде тұратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан ауыл оқушылары қала балалары сияқты түрлі мүмкіндікке ие болуы керек. Бүгінде біз тірек мектептерді дамытумен айналысамыз, өйткені онсыз ауыл білімін көтеру тіптен мүмкін емес. Жоба қазір Қазақстанның 17 облысын қамтиды, онда 13 000-ға жуық бала оқып, 2 000-ға жуық мұғалім жұмыс істейді», – дейді Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев (жоғарыдағы суретте).

Ұлытау мектебінде 400-ге жуық бала оқиды.

«Отбасымызда үш оқушы бар. Бәріміз №1 мектепте оқимыз. Егер бұрын күннің суығы, не каникул болсын, сабаққа бармағанымызға қуансақ, қазір мектепке асығамыз. Үзілісте ойнайтын үстел теннисі, футбол сияқты ойындардан бастап, кең кітапхана, кіреберісте жұмсақ дивандар қойылған. Маған қатты ұнайды. Біздің ұстаздарды ең мықты дер ем. Сондықтан болу керек, сабақты күнде қызыға оқи бергім келеді», – дейді 6-сынып оқушысы Айзада Бейсалы.

Атап өту керек, шара «Ашық есік күндері» форматында өтті. Оған ауылдың белсенді азаматтары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоба демеушілері мен серіктестері қатысты.

Ақсұлу САҢҒАЛИ,

Ұлытау облысы

Таңбалар: тірек мектебіүздікҰлытау

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысты

16.06.2022
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму болашағымен танысты
Аймақ

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму болашағымен танысты

16.06.2022
Ян Облак – Испанияның осы маусымдағы үздік футболшысы
Жаңалықтар

Ян Облак – Испанияның осы маусымдағы үздік футболшысы

11.06.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist