НАТО-ның бас хатшысы Ресей жеңілгенше келіссөз жүргізілмейтінін айтты
БРЮССЕЛЬ. 25 қараша. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей соғыста жеңіліс тапқанға дейін онымен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
«Егер Украина ұрыс даласында Ресейді жеңіп бітпей тұрып, онымен келіссөз жүргізетін болса, әлемде берік бейбітшілік орнамайды, сондықтан Киевке қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыра беруіміз қажет», – деді Йенс Столтенберг. Себебі, Мәскеу соғысты Киевпен тең жағдайда аяқтап, келіссөз жүргізетін болса, ол бірқатар уақыттан кейін күш жинап алып, айналасындағы елдерге, соның ішінде Украинаға көз алартып, басқыншылық әрекеттерін қайта жалғастырып кетеді. Оған мұндай мүмкіндік қалдырмаудың нақты жолы оны осы жолы қайтадан бас көтере алмайтындай етіп талқандап жеңу болмақ.
«Соғыстардың көпшілігі келіссөздермен аяқталып жатады. Бірақ келіссөз үстелі үстінде сөз болатынның бәрі ұрыс даласындағы ахуалдың қорытындысына тәуелді болып тұрады. Сондықтан бұл соғысты бейбіт шешудің мүмкіндігін арттырудың үздік тәсілі – Украинаға қолдау көрсету», – деді ол одан әрі.
Столтенбергтің айтуынша, НАТО Украинаға қанша қажеттілік болса, сонша көмек көрсететін болады. «Біз шегінбейміз», – деп ескертті ол. Солтүстік альянстың басшысы Украинаның азаматтық инфрақұрылымдарын ракетамен соққылау толқындары «Путиннің сәтсіздікке ұшырап жатқанын», сондықтан бұған «барынша қатыгездікпен жауап беріп отырғанын» көрсететінін мәлімдеді.
«Украиндардың жылусыз, жарықсыз және тамақсыз қалдырмақ. Бұл Украина үшін сұмдық қыстың басталғанын көрсетеді. Бұл Еуропа мен барлық әлем үшін де қиын сәттер болмақ», – деді ол.
Оның айтуынша, алайда, Батыс Путинді ақыры тізерлетеді. «Біз Путин мен басқа да авторитарлы лидерлерді ауыздықтай білсек, әлем қауіпсіз бола түседі», – деді Столтенберг.