АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қырымда тағы да бірнеше жерде жарылыстар орын алды

КИЕВ. 23 қараша. Кеше Қырым түбегіндегі Севастополь және Евпатоиия қалалары шегінде бірнеше жерде жарылыстар болғаны айғақталды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Ресейдің осындағы оккупациялық билігі бұл шабуылдардың дрондар арқылы жасалғандарын айтып жатыр. Мұны Севастопольдің «губернаторы» Михаил Развожаев Telegram-да атап өтті. Жарылыстар дауыстарын жергілікті тұрғындар естіп, олардың жалындарын өз көздерімен көрген.

Жергілікті Telegram-каналдар жарылыс орын алған жерден түсірілген видеоларды таратты.

«РИА Новости» осыдан кейін теңіз жолаушылар кемелерінің өз жүрістерін тоқтатқанын жазды.

Әзірге жарылыстарды кімдердің жасағандары белгісіз. Себебі, Украина тарапы мұны әлі өз мойындарына ала қойған жоқ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button