Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Мәскеудің орталығындағы гүл қоймасындағы өрт 7 жанды өлтірді

МӘСКЕУ. 21 қараша. Мәскеудің орталығындағы үш вокзал алаңында орналасқан гүл қоймасында тұтанған өрт жеті адамның өмірін жұлып әкетті. Бұл туралы The Insider хабарлады.

Өрт 20 қараша күні күндіз, Комсомол көшесіндегі №1А екі қабатты кірпіш үйдің 18-құрылымында басталған. Жалын 2,5 мың шаршы метрді жайлаған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды түнге қарай ғана, тоғыз сағаттан кейін ауыздықтады.

Тергеу комитеті өрттің шығуына «сақтауға қойылмайтын тауарлар мен өрт қауіпсіздігі сақталмауы» себеп болғанын алға тартты.

Өрттің салдарынан осы үйде тұратын 7 адам жантәсілім етті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button