Столтенберг Польшадағы оқиғаға орай НАТО-ның шешімін жариялады
БРЮССЕЛЬ. 16 қараша. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Польшада екі адамның өмірін жұлып кеткен РФ ракетасына қатысты альянстың позициясымен таныстырды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Ақпар Солтүстік альянс елдері өкілдерінің арнайы отырысынан кейін болған брифингте жария етілді.
Столтенберг ракетаның шығу тегі туралы айта келіп, альянстың ендігі іс-әрекеті қандай болатынын түсіндірді.
«Польша территориясына келіп түсіп жарылған снаряд Украина Әуе қорғанысы күштерінікі болып табылады. Алайда, бұл төтенше жағдайға байланысты айып Украинаға емес, осы зұлым соғысты бастап берген Ресейге тағылады», – деп атап өтті саясаткер.
Екінші жағынан, осы снарядты бағыттаған РФ-ны Польша тарапына қасақана түсірді деп есептеу қиын. Олай болса, Ресейдің әрекетін НАТО елінің территориясына жасалған шабуыл ретінде де қабылдауға болмайды.
Келешекте мұндай «инциденттерге» жол бермеу үшін НАТО Польша аспаны үстіне бірнеше қосымша Әуе қорғанысы қаруы жүйелерін қоятын болады.