Зеленский ұсынған келісімге келудің 10 шартын Ресей қолдамады
КИЕВ. 15 қараша. Украина президенті Володимир Зеленский бүгін Ресеймен бейбіт келісімге келу үшін оған өз тарапынан 10 шарт ұсынды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Президент өзінің онлайн-жүйесімен сөз сөйлеген сөзінде G20 саммитіне қатысушыларды Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырып, бұл үшін он тармақтан тұратын шарттың РФ тарапынан орындалуы керек екенін мәлімдеді.
«Украина әлемнің жетекші елдеріне бізбен бірге бейбітшілікті қалпына келтірушілердің қатарында болуды ұсынады», – деп атап көрсетті украин лидері Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан «Үлкен жиырмалық» саммитіне жасаған видеоүндеуінде.
Оның айтуынша, Киевтің әскери қақтығысты реттеу жоспарында мынадай талаптары бар:
– радиациялық және ядролық қауіпсіздік;
– азық-түлік қауіпсіздігі;
– энергетикалық қауіпсіздік;
– барлық тұтқындар мен депортацияланған тұлғаларды босату;
– БҰҰ Жарғысына құлақ асу және Украинаның территориялық тұтастығы мен әлемдік тәртіпті қалпына келтіру;
– Ресей әскерлерін елден шығарып, ұрыс қимылдарын тоқтату;
– әділдікті қалпына келтіру;
– экоцидке қарсы тұру;
– соғыстың аяқталғанын растау.
Зеленский сонымен қатар Украинаның Ресейге «аңысын аңдып, күш жинап алып, сосын террордың жаңа сериялары мен кең ауқымды зобалаңдар жасауға» мүмкіндік бермейтінін айтып сендірді. «Енді Ресейдің берген уәделерін артынша өзі бұза салатын ешқандай тағы бір «Минск-3» келісімі болмайды», – деп атап өтті Украина президенті.
Оның айтуынша, Украинаныңі әлемдегі бейбітшілікке кепілдік бере алатын «өз формуласы» бар.
«Зеленскийдің үндеуі беріліп жатқанда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған РФ-ның саммитке келген делегациясы залда қалды», – деп жазды Bloomberg. Алайда ол Украин президентін Ресейге «лекция оқып бергені» үшін сынға алды. Мұның аяғында Лавров Зеленскийдің алға қойған шарттарын қабылдауға болмайды деп тапты. Ол мұның «басты проблемасы әлдеқандай бір келіссөз жайлы сөз қозғала қалса, оның жүзеге асуына ынталылық білдіре қоймай, оны болдырмаудың сан түрлі сылтауын табатын украин тарапында» екенін айтты.
Сонымен, Зеленскийдің ұсынысы Путин жақтан тағы да қолдау таппады. Осыдан кейін Ресей соғысты жалғастыра беретінін мәлімдеді.