Украин билігі елді мекендерді азат ету деректеріне сақ болуды ескертті
КИЕВ. 15 қараша. Украина билігі оңтүстікте азат етілген украин елді мекендері турасында ресми мәліметтерге сүйену керектігін алға тартты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Николаев облыстық әкімдігінің басшысы Виталий Ким, президент офисінің басшы Ондрий Ермак, Оңтүстік қорғаныс күштері бірлескен үйлестіруші баспасөз орталығының жетекшісі Наталья Гуменюк бүгін «Экспрессо ТВ» телеарнасына берген сұхбаттарында осы жайында айтты.
«Кезекті елді мекеннің азат етілгенін Украина Қарулы күштері растап бергенше, құр босқа қиялға берілу орын алып кетпеуі үшін ешкімнің сонда қарай баруды ойына да алмағаны дұрыс», – деді Ким.
Олар телеграм-каналдар мен эмодзидердің алып-ұшпа, көбіне «асатпай жатып құлдық» сипатындағы асығыс әңгімелері мен ұауырт қауесеттеріне сене бермеу керек екенін ескертті.
Айта кету керек, 14 қараша күні кешке кейбір Telegram-каналдар Николаев және Херсон облыстары жеріндегі бірқатар географиялық нүктелердің, соның ішінде, Кирбурнская коса және Олешки елді мекендерінің жаудан босатылғаны жайлы ресми түрде ешкім мақұлдай қоймаған ақпарды таратып жіберді.