Путин соғыс жайлы шындықты айтқанды азаматтықтан айырады
МӘСКЕУ. 13 қараша. Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс хақында шындықты айтып қойғандардың паспорттарын қайтарып алмақшы. Бұл туралы «Медуза» хабарлады.
«Ресей президенті тиісті заңға Украинадағы оккупацияланған территориялардан шығып жататын «соғыс жайлы фейктері» үшін азаматтарды РФ паспортынан айыру жөнінде өзгеріс енгізуді ұсынды», – делінген хабарламада.
Норма Ресей жерінде туғаны бойынша паспорт алғандарға емес, Ресейге оккупация жолымен «қосылған» территорияларда жаңадан азаматтық алған тұрғындарға қатысты болып отыр.
Путин осыған байланысты азаматтықтан айырылуға жататын «қылмыстар» тізімін жасап тастады. Оған мыналар кіреді:
– РФ Қарулы күштері туралы жалған ақпарлар тарату және Ресей армиясының күстаналау;
– Ресей жалауы мен елтаңбасын қорлау;
– қажет емес ұйымдардың іс-әрекетіне қатысу;
– сепаратизмге шақыру;
– мемлекет қайраткерінің өміріне қатер төндіру және экстремизмге шақыру.
Азаматтықтан айыру туралы шешім қылмыстың қашан жасалғанына байланысты болмауы да мүмкін.
Мұның маңызы неде? Ресейді оккупанттардың Украинадағы соғыс пен ондағы шығындары жөнінде шынайы ақпар жасырын ұсталып отыр. Ал мұндай ақиқатқа негізделген мәліметтерді таратқан адам енді «Ресей армиясы жайындағы жалған мағлұматы» үшін заң жүзінде сотталғалы тұр.