Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Ресей генералдары Херсоннан кету үшін Путиннен бұйрық күтеді
МӘСКЕУ. 8 қараша. Ресей генералдары армияның Херсон қаласын тастап шығуы үшін Путиннің бұйрығын күтіп отыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
«Тұрғындардың эвакуациясын жариялап қойған, бетонннан блиндаж соғып алған және құм салынған қаптардан қорғаныс жасап шыққан Ресей әскерилері Путиннен Херсонның тағдыры жайындағы шешімді күтіп отыр», – делінген хабарламада.
Соғыстың алғашқы аптасында-ақ Ресей оккупанттарының бақылауына өткен, Мәскеу қыркүйек айында жалған референдум арқылы аннексиялап алған қаланың украин әскерлеріне берілуі тек өзінің сәтті сағатын күтіп отырған сияқты.
РФ президенті әкімшілігіне жақын мәнбенің айтуынша, армияның Херсонды тастап шығуы жөніндегі ақырғы шешімді тек Путин ғана шығара алады.