Мәскеу қаласы мен облысынан келгендер жаппай тұтқынға түсуде
КИЕВ. 8 қараша. Ресей Қарулы күштері қатарына Мәскеу қаласы мен облысынан мобилизация жасалған солдаттар жаппай өз еріктерімен украиндарға беріле бастады. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.
Әскери тілші Ондрий Цаплиенконың жазуынша, РФ армиясының 92-ші бригадасының бір топ жауынгерлері кеше Луганск облысының Сватово бағытында түгел өз еріктерімен тұтқынға түскен.
«Жиырма бір әскери қызметкердің бәрі – Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысынан келгендер», – деп жазады әскери тілші.
Украин сарбаздары олардың бәрінің ешбір қарсылықсыз, «өз бастамаларымен» қолға түскендерін баяндап отыр. Демек, Путиннің ессіз, ақылсыз, алаңғасар соғысы үшін өздерін құр босқа құрбан еткілері келмейді. Бұл олардың басқа көзсіз әпербақандардай емес, арғы мен бергіні ойлай алатын түйсіктері бар екенін байқатады.
Тұтқынға түскендер солдаттарды «оққа байланған ет» деп санайтын Ресей командованиесі басшылығын осыншалықты безбүйректіктері мен мұңсыздықтары үшін айыптайды. Олар жауынгерлер тағдырдарына селсоқ қарайтын армия қатарында соғысқылары келмейтіндерін баяндады. Ал орыс солдаттары соңғы бірнеше күн бойы Сватово түбіндегі позицияда ас-тағамсыз және тіпті сусыз отырған. Командирлері алғашқы дүркін-дүркін соққы беріле бастаған кезде-ақ позицияны тастап, қашып кеткен.