Ресей мектеп оқушыларын соғысқа дайындау жөнінде шешім қабылдады
МӘСКЕУ. 8 қараша. РФ қорғаныс министрлігі мектептер мен техникумдарда алғашқы әскери дайындық сабақтарын қалпына келтіруді жоспарластырып жатыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Жоғары сынып оқушыларын соғысқа дайындау оқу уақытының 13 пайызын алады.
«Қорғаныс министрлігі мектептер мен техникумдарда 1980-ші жылдарда алынып тасталған алғашқы әскери дайындық пәнін қайта жаңғырту жөніндегі ұсынысты қолдады. Ол соңғы екі жылдың көлемінде 140 сағат сағатты құрауы тиіс, ал сабақ беруге соғыс тәжірибесі бар офицерлер тартылуы тиіс», – делінген хабарламада.
Мұндай ұсынысты министрлікке «Справедливая Россия» партиясының лидері Сергей Миронов берген болып шықты.
Ресей мектептерінің 2022-2023 оқу жылының жаңа күнтізбелік оқу кестесіне 10-11 сыныптар оқушыларына алғашқы әскери дайындық сабағын енгізу күн тәртібінде тұр. Олар 1122 сағатты құрайды. Осылайша, мектеп оқушыларын соғысқа дайындау оқу мерзімінің 13 пайызын алатын болады.