Ресей БАҚ-тары Путиннің қазіргі ең негізгі тілегі не екенін айтып берді
МӘСКЕУ. 5 қараша. Ресей бұқаралық ақпарат құралдары президент Владимир Путиннің қазіргі таңдағы ең басты тілегі не екенін айтып, жазып жатыр. Бұл туралы «Генерал СВР» телеграм-каналы хабарлады.
«Соғыстың сегіз жарым айлық кезеңінде Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Володимир Зеленскийдің ұрыс қимылдарын келіссөздердің көмегімен аяқтау мүмкіндігіне қатысты көзқарастары қарама-қарсы түрде өзгеріп кетті. Қазіргі мәурітте Путиннің келіссөздерді қатты қалап отырғаны сондай, Кремль басшылығының бастамасымен оның кемінде жиырма сенімді өкілі әртүрлі алаңдар мен әртүрлі форматтарда соғысты тоқтату мен бейбіт келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда, ұрыс қимылдарын тым құрығанда РФ-ның шарттары бойынша тоқтата тұру мүмкіндіктерін табуға тырысып жүр», – деп атап көрсетті телеграм-канал.
Паблик Путиннің жақын айналасындағы адамдар ішінде майдан даласындағы жағдайдың қандай екенін білмейтін, соғыста жеңілу Ресейдің ішкі режимінде орасан зор проблемалар алып келетінін сезбейтін адам жоқ екенін жазады.
«Путин тым құрығанда тең позиция тұрғысынан Украина президентіне шығуға болатын жол іздей алмайды. Қазіргі таңда ұтыс позициясында тұрған Зеленский Украинаның 2014 жылдың басына дейінгі шекарасындағы позициясына қайта оралуды алға тартып, онымен ешқандай бітімге келе қоймайды», – деп баяндады ресурс.
Кремльдегі мәнбе сонымен бірге Путиннің келіссөз нәтижесі жөніндегі баяндамалардың мазмұндарына қарай күніне сан өзгеретінін айғақтап беріп отыр. Соның арасында ол біресе бітімге келу керек екенін айтады, біресе ядролық қару қолданғаннан басқа жол қалмағанын мәлімдейді.