26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейліктер Литвада жылжымайтын мүліктерді жаппай сатып алуда

31 Қазан 2022 20:39
- Жаңалықтар, Тіршілік
Ресейліктер Литвада жылжымайтын мүліктерді жаппай сатып алуда
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВИЛЬНЮС. 31 қазан. Ресейліктер қазіргі күндері Литва шекарасынан мың-мыңдап, бұл елден емін-еркін жылжымайтын мүліктер сатып алып жатыр. Бұл туралы delfi.lt хабарлады.

Осыған байланысты Литва парламенті ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Лауринас Кашюнас Ресеймен және ресейліктермен жалпы ортақ ештеңе болмауы керек екенін қадап айтты. Сондықтан Литва мен бүкіл Еуропа одағы ресейліктерге өз елдерінен жылжымайтын мүліктер нысандарын сатып алуға тыйым салуы тиіс, деп есептейді ол.

Кашюнас Delfi тілшісіне берген сұхбатында ресейліктерді Литваға келуге тыйым салуының тиімділігіне риза екенін білдірді. Рас, әлі анықталмай тұрған жайттар да бар: Литваға ЕО елдері арқылы келген мыңдаған ресейліктерге қазір бақылау жүргізіп отырған ешкім жоқ, олардың қаншасы кеткенін және қалғанын ешкім де білмейді, деді ол.

Шекарашылардың сөздеріне қарағанда, бұлардың соңғы варианты көбірек алаңдаушылық туғызады: Литвада қалып қойған ресейліктер әлі де көп.

Еуропа одағы Ресей азаматтарына ЕО елдерінде жылжымайтын мүліктерді сатып алуға тыйым салу мәселесін көктемде талқылаған болатын, бірақ ондай санкция әлі берілген жоқ.

Литва сыртқы істер министрі ресейліктерге жылжымайтын мүліктер сатып алуға рұқсат бермей қою бүкіл ЕО елдері үшін ең тиімді тетік болатынын мәлімдеді.

РФ-да мобилизация жарияланғаннан кейін Финляндияға ресейліктер ағылып келе бастады, олардың біразы сол бойда елден үй сатып алды. Қазір ондағылар осының зардабын тартып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салатын уақыт келді. Ресейліктердің қаптап келулері әрбір елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Литва Ресейдің Украинадағы соғысы үшін ұжымдық жауапкершілік мәселесін көтеріп, Ресейді дұшпан ел деп есептейтінін жариялағаны ресейліктердің айылдарын жината қойған жоқ, олар соған қарамастан, Литва жерінде қалағандарынша жылжымайтын мүліктер сатып алды.

«Біз мұның бәрін Ресейдің Украинаға соғыс ашуынан туып отыр деп айта алмаймыз, себебі, ресейліктердің Литвада үй сатып алулары бұрынғы деңгейінен түскен жоқ», – деді Delfi басылымына Тіркеу орталығының баспасөз хатшысы Миндаугас Самкус.

Тіркеу орталығының мәліметінше, 2022 жылдың бірінші жартысында Ресей азаматтары Литвада 524 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған.

«Бұл мөлшер, айтуымыз керек, өткен жылдың тенденциясына сәйкес келеді, ресейліктер бүкіл 2021 жыл бойына 1005 нысан сатып алған болатын. Бұл көрсеткіш 2020 жылы – 801, 2019 жылы – 642, 2018 жылы 649 болған еді. Демек, жылдан жылға артып келген», – деді Самкус.

Осының өзі Ресей азаматтарының бұрынғы одақ елдеріне жоспарлы түрде қоныс аударып тұрғанын байқатады.

Таңбалар: жылжымайтын мүліктерлитваресейліктер

Ұқсас мақалалар

Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді
Дәулет

Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

08.07.2026
АҚШ тағы да ондаған ресейліктерді елден шығарып жіберді
Жаңалықтар

АҚШ тағы да ондаған ресейліктерді елден шығарып жіберді

29.03.2026
Қазақстан соғыстан қашқан ресейліктерді өз еліне депортациялай алады
Әлеумет

Қазақстан соғыстан қашқан ресейліктерді өз еліне депортациялай алады

14.03.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist