АҚШ Украинаға NASAMS әуе қорғанысы жүйесін жеткізіп береді
КИЕВ. 26 қазан. Пентагон әуе қорғанысының NASAMS жүйесінің екі қондырғысын Украина жеткізіп береді. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
«Raytheon Technologies компаниясы Украина үшін NASAMS жүйесінің екі зенит-ракета қондырғысын бірінші рет арнайы жасап, оларды үкіметке тапсырды», – деп баяндады Defence News.
«Біз қазір ғана NASAMS-тың екі жүйесін жасап шығардық. Олар [таяу уақытта] Украинаға апарылып құрылады», – деді Raytheon Technologies компаниясының бас директоры Грег Хейс CNBC телеарнасының эфирінде.
Оның айтуынша, NASAMS қондырғысына «аспанда жүрген беспилотниктерден бастап баллистикалық ракеталар мен истребительдерге дейінгінің бәрін атып түсіре беретін» орта қашықтықтағы, жетілдірілген «әуе-әуе» класты AIM-120 ракетасын пайдалануға болады.
ПВО кешені Украинаның энергетикалық нысандарын Ресейдің 10 қазанда жасағандай жосықсыз шабуылдарынан қорғайды. АҚШ Украинаға жалпы сегіз NASAMS беруге уәде еткен еді. Пентагон шенеунігінің айтуынша, Киев алғашқы екі кешенді жай сатып ала салды, себебі, оның жүйесінің дені жасалып қойылған болатын, ал қалған алты қондырғы шын мәнінде енді ғана басынан бастап құрастырылады, сондықтан күте тұруға тура келеді.