Путин жаппай ядролық соғыстың басталу сәтіне орай жаттығу өткізді
МӘСКЕУ. 26 қазан. Бүгін Ресей президенті Владимир Путин жаппай ядролық соғыстың бастапқы кезеңі үшін жаттығу жиынын өткізді. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
«2018 жылы ядролық соғыс бола қалған жағдайда ресейліктер «жұмаққа аттанады» деп уәде берген Владимир Путин соңғы үш жылда бірінші рет стратегиялық күштермен жаттығу жиынын өткізді», – делінген хабарламада.
«Ресей әскерилері ядролық триаданың (үштігі – біз, ред.) барлық компоненттерінің қатысуымен өткен «Найзағай-2022» маневрі барысында дұшпанға «жаппай ядролық соққы» берудің тәсілдерін жетілдіре түсетін болады», – деп мәлімдеді Путинге Қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
Ол әскерилердің жауап соққы жиыны фабуласы бойынша пісенттеліп жатқан стратегиялық шабуылдаушы күштер жаттығуы Путиннің «жеке өзінің басшылығымен» жүріп жатқанын атап өтті.
Жаттығуға Ресейдің барлық ядролық қару-жарақтары тартылған. Бас штабтың бастығы Валерий Герасимовтың тайтуынша, олардың сапында континент аралық оқтұмсықты баллистикалық ракеталарды ататын РВСН «Ярс» ракета кешені, «Синева» баллистикалық ракеталарымен қаруланған Солтүстік флоттың «Тула» сүңгуір қайығы, сондай-ақ екі Ту-95 ракета тасығышы бар.