РФ оккупанттары Херсоннан банк мүліктерін алып қашып жатыр
КИЕВ. 16 қазан. Украина Қарулы күштерінің тегеурініне шыдамаған ресейліктер өздері басып алған Херсон жеріндегі «мемлекеттік» мекемелер мүліктерін тасып әкете бастады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина бас штабының мәліметінше, ресейліктер Херсондағы басып алған жерлеріндегі «мемлекеттік» мекемелерді басып алынған Қырымға қарай эвакуациялау үдерістерін бастап кеткен.
РФ-ның Украинамен шекаралас аудандары тұрғындарының моральдыөқ-психологиялық ахуалы деңгейі соңғы күндері күрт төмен түсіп кеткен. Бұл жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетудің төмендеп кетуіне байланысты туындап отыр.
«Қолдағы мәліметтерге сай, медицина қызметкерлері мобилизациясы мен солдаттардың жараланғандары тасқыны ұлғаюы салдарынан Белгород облысының ауруханалары жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуден бас тартуда», – делінген хабарламада.
Мұның үстіне, бүгін Белгород облысында 16 рет жарылыс болғаны айтылып жатыр.