Белгісіз біреулер Белгород облысы полигонында оккупанттарды атып кетті
БЕЛГОРОД. 16 қазан. Ресейдің Белгород облысындағы Батыс әскери округінің полигонында белгісіз біреулер соғысқа «өз еркімен» келгендерді атып кеткен. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Белгород облысындағы полигонда «ТМД елдерінің бірінен» келген азаматтар Украинадағы соғысқа дайындалып жатқан «еріктілерге» оқ жаудырып, біразын жер жастандырған. Соның салдарынан 11 адам оқиға орнында оққа ұшып, 15 адам әртүрлі жарақаттармен госпитальге түскен.
Террорлық оқиға «еріктілердің» бөлімшелері жеке құрамдары ресейліктер «арнайы операция» деп атап жүрген соғысқа дайындалып жатқан кезекті жаттығулары кезінде орын алған. Қарсы жауаптан соң «екі терроршыға» оқ тиіп, жантәсілім еткен.
SOTA-ның мәліметіне бойынша, орыс әскерилерінен қаза тапқандар саны 22-ге жетсе, 16 адам жарақат алып қалған. Соңғы дерекке сәйкес, шабуыл жасағандар небәрі үш адам ғана болған.