Қазанды қорғаушыларды еске алғандарды полиция ұстап әкетті
ЙОШКАР-ОЛА. 16 қазан. Кеше Марий Эл байтағында Қазан қаласын орыс басқыншыларынан қорғаушыларды еске түсірген жиын өткізушілерді полиция қамап тастады. Бұл туралы «Редис» интернет-газеті хабарлады.
«Йошкар-Ола полицейлері 15 қазанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына мемориалына гүл дестелер қоюға қатысқандардың төртеуін бөлімге жеткізді», – делінген хабарламада.
Йошкар-Ола ішкі істер департаментіне «Марий Ушем» мари ұлттық ұйымы жастар қанатының жетекшісі Виктор Новгорский, татар белсендісі Рамай Юлдаш, әлемдегі мари халқы ақсақалдар кеңесінің райысы Виталий Танаков пен тағы бір кісі әкелінді.
Құқық қорғаушылар белсенділерге қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тақты. Ал олар Иван Грозныйдың 1552 жылы Қазан қаласын жаулап алуы мен марилердің басқыншыларға қарсы көтерілген бірінші «Черемис соғысының» (1552-1557) биыл толып отырған 470 жылдығын атап өту үшін жиналған еді. Белсенділер марий (бұрынғы черемис) және татар тілдерінде сол соғыстарда опат болған ерлерге арнап дұға оқыып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.