ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Путин мемлекеттік төңкеріс болуынан қорқып, Мәскеуге гвардия алдырды

МӘСКЕУ. 12 қазан. РФ президенті мемлекеттік төңкерістің бұрқ ете қалуынан сескеніп, Мәскеуге элиталы гвардияны алдырып жатыр. Бұл туралы ағылшынның Dayli Mirror газеті хабарлады.

Мәнбелер 18 мыңдық әскери бөлім жауынгерлерінің алдымен Мәскеуді жан-жағынан қоршап алып, «Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп есептелінген солдаттарды тұтқынға алуды бастап кеткенін баяндайды.

Украина барлау қызметі Владимир Путиннің мемлекеттік төңкеріс қаупінен өзін қорғауы үшін Мәскеуге арнайы элиталы гвардияны алдырып жатқанын мәлімдеді.

Барлау өкілі Ресей ұлттық гвардиясының ОДОН атты элиталы бөлімшесінің Ресей астанасы төңірегіндегі қауіпсіздікті нығайту шараларын қолданып жатқанын, барлық әскери бөлімдер «жоғары жауынгерлік дайындық» жағдайында тұрғандарын мәлімдеді.

Брифинг Ресей мен Қырымды жалғап тұрған Керчень көпірі қиратылғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін берілді.

Украина бұл өткелдің қиратылуына байланысты жауапкершілікті өзінің мойнына ала қойған жоқ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button