Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Украина тәулікте 500 басқыншы мен 17 БПЛА-ны жойды

КИЕВ. 14 қазан. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте 500 басқыншыны жер құштырып, 17 БПЛА-ны жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина Қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, оккупанттардың қазірге дейін «Кобзонның концертін көруге» аттанғандарының саны 64 300 адамға жетіп отыр.

Басқыншылар барынша көп шығынға Краматор және Бахмут бағыттарында ұшыраған.

Дұшпанның 24 ақпаннан 14 қазанға дейінгі жалпы соғыс шығындары мынадай:

танктер – 2 521 (+10),

жауынгерлік бронды машиналар – 5 172 (+5),

артиллериялық жүйе – 1 566 (+10),

РСЗО – 362 (+5),

ПВО қаруы – 186 (+3),

ұшақтар – 268 (+0),

тікұшақтар – 240 (+0),

жедел техникалық деңгейдегі БПЛА – 1199 (+17),

қанатты ракеталары – 316 (+0),

корабльдер/катерлер – 16 (+0),

автомобиль техникасы мен автоцистерналар – 3944 (+9),

арнайы техникалар – 142 (+2).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button