Үндістанда дәрігер пациенттің қарнынан 13 қасықты алып шықты
НЬЮ-ДЕЛИ. 30 қыркүйек. Үндістанда бір хирург дәрігер пациентінің қарнынан 13 қасықты алып шығарды. Бұл туралы Oxy.az хабарлады.
Дәрігер өзінің ұзақ жылдарға созылған медициналық тәжірибесінде кездесіп отырған бірінші жағдай екенін атап көрсетті.
Алдымен ауруханаға іші қатты ауыратынына шағымданған бір кісі келіп жатады. Дәрігер мұны іштегі ісіктің салдарынан болып отыр деген болжам жасайды. Бірақ мұқият жүрігізілген тексеру асқазанның аман екенін анықтайды.
Сөйтсе, пациенттің асқазанында ондаған қасық жатқаны белгілі болады. Мұны алып тастауды кешеуілдетуге болмайтын еді. Сондықтан дәрігерлер бірден пациенттің асқазанына ота жасауға кірісіп кетеді. Екі сағатқа созылған операция барысында оның қарнынан 13 қасық алынады.
«Мен өзімнің 35 жылдық дәрігерлік сансабым жолында мұндай жағдайды көрген емеспін», – деп ағынан ақтарылды хирург.
Пациенттің туыстары оның жергілікті клиникада есірткіге тәуелділіктен емделген кезінде қасықпен тамақтандырылғанын айтты. Шамасы, сол кезде ол қасықты жұтып қойып тұрса керек. Дәрігерлер сондай-ақ сырқаттың психикасы да дұрыс емес екенін білдірді. «Ақыл-есі дұрыс бірде-бір адам мұны істемес еді», – деді олар.