ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Зеленский жаудан тазартылған Изюм қаласына келді

КИЕВ. 14 қыркүйек. Бүгін Украина президенті Володимир Зеленский Ресей басқыншыларынан азат етілген Харьков облысының Изюм қаласына келді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Telegram-каналға Украина Қарулы күштері стратегиялық коммуникациясы басқармасы 25-ші жеке әуе-десант бригадасынан осындай мәлімет түсті.

Изюмге келген Зеленский қаланы жаудан тазартушы десант әскерінің жауынгерлерімен кездескен. Ол осы жерде сөйлеген сөзінде: «Бұрын біз жоғарыға қараған кезде әрдайым көк аспанды іздеуші едік. Қазір жоғары қарағанда, бір ғана нәрсені – Украина жалауын іздейміз. Біздің көк-сары түсті жалауымыз, міне, оккупациядан босатылған Изюмнің үстінде желбіреп тұр. Енді украинның әрбір қаласы мен селосында солай болады. Тек қана бір бағытқа – алға қарай жылжи береміз», – деді.

Сол жерде Украина жалауы көтерілген.

Президент бұл сапар үшін Қара запорожьеліктер атындағы «Украина немесе өлім» деп аталатын 72-ші бригаданың шевронын таңдаған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button