Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

АҚШ-тың әскери кемелері бүгін Тайвань бұғазына келіп кірді

ТАЙБЕЙ. 28 тамыз. АҚШ-тың әскери кемелері Пелоси келіп кеткен уақыттан бері бірінші рет Тайвань бұғазы арқылы ішке өтті. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің екі кораблі Құрама Штаттар Конгресі Өкілдер палатасының спикері Пелоси Тайваньға келіп кеткеннен кейін бірінші рет Тайвань бұғазы арқылы өтті. Бұған Қытай тарапы наразылық білдірді.

Бұғаздан АҚШ 7-ші флотының Жапонияда тұрған USS Antietam және USS Chancellorsville ракета крейсерлері өтті.

Флот баспасөз қызметі корабльдің өтуі халықаралық ережелерге толық жауап беретінін, өту кезінде басқа әскери құрылымдарға залалын келтірмегенін мәлімдеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button