Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Украин әскерлері Мелитопольде жаудың ірі базасын жойды
КИЕВ. 28 тамыз. Украина Қарулы күштері оккупанттардың Мелитпольдегі аса ірі әскери базасын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Қарулы күштер жаудың Мелитопольдегі «Автоцветит» зауытының территориясына орналасқан аса ірі әскери базасына күйрете соққы берді. Қаланың мэрі Иван Федоров Freedom телеграм-каналына берген сұхбатында осының жайын айтты.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Мелитополь ауданындағы Мирный кентінде псевдореферендум өткізуге дайындалып жатқан ғимараттардың бірі де қиратылған», – деді Федоров.
Оның айтуынша, аудан территориясындағы ресейліктер 3 аптадан бері осындай оқиғаларға жиі душар болып жүр.