«Ислам мемлекетінің» жаңа лидері белгіленді
ЛОНДОН. 21 қаңтар. «Ислам мемлекетінің» жаңа басшысы болып Амир Мухаммед Абдул Рахман әл-Мавли Салби тағайындалды. Бұл туралы «The Guardian» газеті хабарлады.
Әл-Салби өткен жылғы қазан айында Әбу Бакр әл-Бағдади Сирия территориясында өлтірілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң басшылық тізгінін қолға алған еді.
Амир Әл-Салби «Ислам мемлекетінің» негізін қалаушылардың бірі және оның бас идеологы саналады. Ол әл-Бағдадидың кезінде сириялық және ирактық христиандар – езидтерді қыру операциясын басқарды, сондай-ақ содырлардың әлем бойынша жасайтын лаңкестік әрекеттеріне жетекшілік етті.
Таль-Афар қаласының тумасы болып саналатын Салбидің ұлты – туркоман, яғни Иракта тұратын этникалық түрікменнің өкілі. Шариат құқығы саласында Мосул университетінен алған діни дәрежесі бар.