ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Түрікмен ардагерлері мерекелік сыйлықты сатып алады

АШХАБАД. 7 мамыр. Түрікменстанда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері өздеріне президенттің атынан берілетін мерекелік сыйлықты өз ақшаларына сатып алатын болды. Бұл туралы «Азатлык» радиосы хабарлады.

«Түрікменстанда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері дәстүр бойынша Жеңіс күніне президент Гурбангулы Бердымухамедовтің атынан өздеріне тапсырылатын сыйлықты өз ақшаларына сатып алуға мәжбүр етілді», – делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, республикада бұл жағдай қатарынан екінші жыл қайталанып отыр. Өткен жылы да тап осылай болған. Атап айтқанда, 2020 жылы соғыс жеңімпаздарына 9 мамыр күні тапсырылған ескерткіш медальдардың әрбірі 200 манат (24 438 теңге) ақшаға берілген екен. Биылғы жылы мұндай практика Лебап велаятындағы Фарап этапының тылдағы еңбеккерлеріне де қолданылып жатыр.

Бұдан басқа, қарт кісілерден әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілу жөніндегі қажетті қағаздар да талап етілген. Жиналған жарна пұлдың бір бөлігін шенеуніктердің басқа мақсаттарға жұмсап жатқаны да айтылып жүр. Алайда, елдің билігі мұны ресми түрде растаған жоқ. Әзірге үндемей отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button