Зеленский: Соғысты бастаған – Кеңес Одағы
МӘСКЕУ. 28 қаңтар. Украина президенті Владимир Зеленский Польшаға барған сапары кезінде Екінші дүниежүзілік соғыстың басталып кетуіне КСРО кінәлі деген тұрғыда әңгіме айтты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Кремль бұған өзінің үзілді-кесілді қарсылық білдірген мәлімдеме жасады.
«Украина президенті, біздің пайымымызша, өте-мөте қателесіп, осы соғыста Еуропаны, соның ішінде Польшаны фашизмнен азат ету жолында әке-шешелері, аталары, туған-туыстары өмірлерін қиған Ресейде және ТМД елдерінде тұратын әлденеше ондаған миллион азаматтың арларын қорлайтын көзқарастағы поляк басшылығымен ынтымақтастығын білдірді», деді Ресей лидерінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ол Зеленскийдің бұл пікірінің миллиондаған украиналықтың сенімдері мен нанымдарына сәйкес келетініне күмән білдірді.
Песков Кремльдің бұл позиция «біздің аталарымыздың әруақтарын қорлайтынын» жеткізді.
Тұтастай алғанда, Ресей мен Украинаның арасындағы екіжақты қарым-қатынас екі президенттің қатынасындағы оң өзгерістерге қарамастан, әлі қалыпқа келуден көп қашықта жатыр, деді Кремль өкілі.
Осының алдында Зеленский өзінің Польшаға жасаған сапары кезінде осы елдің президенті Анджей Дудамен кездесу барысында Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Кеңес Одағының кінәлі екенін айтқан еді.