Түркия АҚШ-қа Ресейге қарсы санкцияларды орындауға уәде берді
АНКАРА. 21 тамыз. Түркия бұдан былай батыс елдерінің Ресейге қарсы салып отырған барлық санкцияларына қарсы келмейтін, оның талаптарын орындайтын болды. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
Украинаға басып кіріп, соғыс ашқаны үшін Ресейге салынып отырған бұл санкциялардың орындалуына кедергі келтіретін елдердің өзі сондай тосқауылға ұшырайды.
Түркия қаржы министрінің орынбасары Юнус Элитас АҚШ қаржы министрінің орынбасары Уолли Адеймомен сенбі күні жүргізген әңгімесі барысында өз елінің бұдан былай РФ-ға салынған санкциялар талаптарын қатаң орындайтынын мәлімдеді.
Санкция саясатын үйлестіруші және санкцияның орындалуын бақылаушы Адеймо өзінің Элитаспен әңгімесі кезінде Ресейден шыққан компаниялар филиалдарының санкцияны айналып өту үшін Түркияны қатты пайдаланып отырғанын айтып, қатаң ескерту жасады.
Шенеуніктер бұдан әрі санкциялардың орындалуын сақтау мен оны қадағалауға қатты көңіл бөлінетіні жөнінде келісімге келді.
Түркия қаржы министрлігінің хабарлауынша, Элитас өзінің америкалық әріптесін Анкараның Ресеймен экономикалық және саяси байланыстары қаншалықты тереңде жатқанына қарамастан, бұдан былай санкция талаптарын бұзбайтынын сендіріп баққан.
«Түркияның позициясы өзгерген жоқ», – деп атап өткен ол жекелеген тұлғалардың да, компаниялардың да санкцтия режимін бұзуларына жол берілмейтінін айтты.