НАТО қандай жағдайда дүниежүзілік соғыс басталатынын Ресейге ескертті
БРЮССЕЛЬ. 20 тамыз. НАТО елдері Запорожье АЭС-нінен радиация тараған жағдайда Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталатынын айтып, Ресейге ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
Мәлімдеме бүгін бұдан бірнеше сағат бұрын жасалды.
«Запорожье атом-электр станциясына саналы түрде шабуыл жасалып, оның соңынан айналаға радиация тарай бастаған жағдайда Солтүстік Атлантика елдеріне соғысқа белсене кірісіп кетуге тура келеді, өйткені, бұл инциденттің салдарынан ең алдымен НАТО елдері зардап шегеді», – делінген Америка және Британия саясаткерлерінің мәлімдемелерінде.
«Украин ядролық реакторына саналы түрде радиацияның таралып кету мүмкіндігінде залал келтірудің кез келген әрекеті НАТО-ның ұжымдық қорғаныс жөніндегі келісімшартының бесінші бабының талабын қасақана бұзғандық болып табылады. Мұндай жағдайда Альянс бірден өзін өзі қорғау үшін бірден осыны жасаған жаққа соққы береді», – деді Ұлыбританияның Қауымдастық палатасы арнайы комитетінің райысы Тобиас Эллвуд.
АҚШ Конгресінің өкілі Адам Кинзингер мұндай жағдайда бесінші баптың автоматты түрде іске қосылатынын, оның Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталғанын білдіретін дабылдың қағылуына апарып соқтыратынын мәлімдеді. «Бұл мәселе тіпті талқылауға да түспейді. Кез келген радиация таралымы НАТО елдерінің тұрғындарын өлтіреді», – деп түсіндірді ол.
Бұдан алдын украинның «Энергоатом» компаниясы Ресейдің өздері басып алған Энергодардағы атом станциясында кең ауқымды арандатышылық жасауды жоспарластырып отырғанын баяндаған болатын. Ұйымның мағлұматы бойынша, Ресей әскерлері 19 тамызда Запорожье атом электр станциясының басшыларына бұдан былай нысанға персоналды жіберу жөнінде өздері шектеу енгізетінін хабарлаған екен. Ғимарат ішінде тек энергетикалық блоктардың жұмысын қамтамасыз ететін жұмысшылар ғана болады.
«Қазір Ресейдің оккупациялық күштері таяу аралықта энергия блогының жұмысын тоқтатып, Украинаны қуат көздерінен ажыратып тастауды жоспарлап отырғандары жөнінде ақпар бар. Қазіргі таңда Ресей әскерилері энергоблок тоқтатылғаннан кейін іске қосылып, ядролық отынды суыту жүйесі үшін сырттан энергиямен қамтамасыз ететін дизель-генераторлар үшін отын әкеп берушілерді іздеп жатыр», – делінген хабарламада.
«Энергоатомның» мәліметі бойынша, 18 тамызда қалаға Ресей федералды телеарналары қызметкерлерінің үлкен тобы келген. Олар жергілікті кәсіпкерлердің мейманханада ФСБ қызметкерлермен өткізетін кеңесін түсіріп, көрсетуге тиісті болған. Ал бірнеше сағаттан кейін АЭС оқу-жаттығу орталығы ауданында атыс басталып кеткен.
«Мұның алдын ала дайындалған арандатушылық шаралары екені бірден байқалды. Атыс екі жерде – автовокзал мен қашыртқы каналында орын алған, бірінші жағдайда ол 1,5 секунд уақытты алып, бір соққы берілген, ал екіншісі үш секундтан кейін естілген. Оккупанттар бұл атыстарды өздерінің пропагандалық БАҚ-тары арқылы Украина Қарулы күштерін осыған айыпты етіп көрсету үшін әдейі ұйымдастырған», – деп атап көрсетті Украина телеарналары.
Бұған украин журналистері станцияның қазір радиациялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға тәуекел етуі жағдайында жұмыс жасап тұрғанын қосты. Олай болатыны, жаңағы өздері қолдан ұйымдастырған атыс кезінде ондағы энергия блоктарының бірі істен шығып қалып, тағы екеуінің қарқыны төмендеген.