Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Сот Ресейдің Венгрияда АЭС құрылысын жүргізуіне тосқауыл қойды

ЛЮКСЕМБУРГ. 11 қыркүйек. Еуроодақтың Жоғарғы соты Ресейдің Венгрияда атом-электр станциясын салуының жолын кесті. Бұл туралы Financial Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осылайша Жоғарғы сот Мажарстанда Ресейдің «Пакш-2» АЭС жобасы құрылысын қолға алуына тыйым салды, осының негізінде Мәскеудің бұл елге ғана емес, бүкіл Еуропаға «Росатом» арқылы ықпал етуді нығайту жөніндегі жоспарының күл-талқанын шығарды.

ЕО Жоғарны соты Еурокомиссияның «Росатомға» Венгрия жерінде атом электр станциясын салуына рұқсат берген шешімін жойып жіберді. Бұл вердикт Ресей мемлекеттік корпорациясына және Кремльдің кәрі құрлықты энергия жағынан өзіне тәуелді етіп қоюға бағытталған жымысқы жоспарына күйрете берілген қуатты соққы болды.

Люксембургтегі Еуропа соты Еуропалық комиссияның «Росатоммен» тендерсіз тікелей келісімшарт жасасуға берген рұқсатын жеткілікті түрде дәлелдемегенін анықтады. Сот жобаны қайта қарауды және ЕО-ның Будапешт «Пакш-2» жобасын жүзеге асыруды жалғастыратынын айтты, бірақ Брюссельден қосымша мақұлдау қажет екенін мойындайды.

Бұл үкім бірнеше себептерге байланысты Мәскеу үшін аса ауыр тигелі тұр. Кремль «Росатомды» ықпал ету құралы ретінде пайдаланып, Еуроодақ елдерінің ресейлік энергетикаға тәуелділігін нығайтып келген еді. Қазір бұл тетік әлсіреді. Қуаттылығы 2 ГВт болатын екі реактордың құрылысы миллиардтаған еуроға бағаланған, енді сол жоба қайтадан тоқтатылды. Бұл экспорттық кірісті азайтып, «Росатомның» беделін түсіреді.

Жақында Путин «Еуропа елдерінен тек Финляндияның ғана уыстан шығып кеткенін» мәлімдеген еді, бірақ соттың бұл шешімі енді Венгрияның да Мәскеу үшін сенімді плацдарм бола алмай қалатынын көрсетті.

Шешім Венгрия премьері Виктор Орбанға Ресей тарапынан энергетикалық тәуелділікті қалайда сақтап қалу турасында қатты қысым жасалып жатқан кезде қабылданды. Бұл Кремль үшін дабыл қақтырарлық хабар болды: бұдан кейін ЕО-дағы ең көнбіс әріптерінің өзі Брюссельдің ығынан шыға алмай, Ресейге тәуелді болудан еріксіз бас тартатын болады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button