Запорожьеде мас осетиндер екі ұлы бар отбасын қырып кетті
КИЕВ. 19 қараша. Запорожье облысының Полога ауданындағы Камыш-Заря кентінде оккупанттар екі кішкентай баласы бар отбасы мүшелерін түгел өлтіріп тастады. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.
Оккупанттар үй егесі Александр Дармоед пен оның әйелі Натальяны және бұларға қоса олардың кішкентай екі баласын атып өлтіріп кеткен.
Таңертең олардың өлігі үстінен Александрдың анасы түседі. Көршілері бұл үйде түнде мылтық даусының естілгенін, бірақ қорыққандықтан келе алмағандарын айтқан.
«Дармоедтер үйлерінің жанына «ДХР»-дан келген «мобиктер» шешендермен бірге орналасқан, олар түнде әйелге тиіскен»,. – деген хабар таратты жергілікті пабликтер.
Ал желіге «Николаевский Ванек» деген лақап атпен жазатын әскери блогердің айтуынша, «ЛХР»-лармен бірге үйге келген осетиндер Натальяға қырындаған. Сол кезде Александр ара түсіп, әйелін қорғамақшы болып, оккупанттарды итерген. Бұған ыза болған басқыншылар үй иесін бірден атып тастаған. Соңынан айуандар әйелді екі кішкентай баласымен бірге атып кеткен.
Әбілет басқырлар осылай бір үйдің отын өшіріп кете барған…