Қырымда тағы шабуыл: бұл жолы Евпатория отқа оранды
КИЕВ. 20 тамыз. Бір аптаның ішінде Қырымға үшінші мәрте шабуыл жасалды: өткен түнде Евпатория жақтан будақтап түтін ұшты. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
«Евпатория мен Севастополь тұрғындары түнгі аспанды тағы да жарылыс жаңғырығы алып кеткенін баяндады. Билік Әуе қорғанысы күштерінің сәтті жұмысы жайлы есеп берді», – делінген хабарламада.
Кеше түнге қарай әлеуметтік желіде Евпатория үстінде жарқылдап жатқан оттарды көрсеткен видео пайда болды. Қырым басшысының Мәскеу бекіткен кеңесшісі Олег Крючков ПВО жүйесінің іске қосылып, сәтті жұмыстар атқарғанын тәкпір етті. Ол түбек «сенімді қорғалып тұр» деп жазды. Алайда, оның мәтіні астына жазылған комменттер басқаша реңк алды. «Бұл енді күлкілі емес. Бұл жерден жоғалуымыз керек» деп жазды қырымдықтардың біразы.
Тұрғындар Севастопольде бірнеше рет жарылыс болғанын баян етті. Губернатор Михаил Развозжаев ПВО-ның беспилотникті атып түсіргенін атап көрсетті. «Бухтада ПВО іске қосылды, ал ортада корабль артиллериясы тұрды. Тура кешегі жағдай», – деді ол.
Осымен бір аптаның ішінде Қырымға үшінші мәрте шабуыл жасалды. Осының алдында Севастополь тұрғындары «Бельбек» әскери аэродромында бір мезгілде кемінде 4 жарылыс орын алғанына куә болған еді.
18 тамызда Керчь тұрғындары осындай жарылыстар жөнінде шағым білдірді. Жергілікті билік оларды жарылыстардың «Қырым көпірінен көп қашықта жасалғанын» айтып жұбатты. Сонымен бірге, шабуыл жасаған беспилотниктің атып түсірілгенін баяндады.
16 тамызда Қырымда үш жерде жарылыс болды: бір оқ-дәрі қоймасы, трансформатор және әскери база отқа оранды.
Мұның арғы жағындағы апта да құр кеткен жоқ. Жарылыстар барған сайын көбейіп келеді.
Киевтегілер өздерінің бұл жарылыстарға қатыстары бар екендерін ишаралап жеткізді.
«Темекіні аздап шегу керек», – деп мысқылдаған еді Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Олексий Арестович «Саки» аэродромында орын алған жарылыстан кейін. Осында өте көп мөлшерде ұшақтар жанып кетті. Ол Кремльдің «Москва» крейцерінің талқандалуы себебін жасырып отырғаны сияқты мұны да мойындамай келе жатқанын әжуаға айналдырды.
Британия барлауы Ресейдің осы кезге дейін Қара теңіз аумағынла әскери авиациясының жартысын құртып алғанын, флоттың да жағдайы мәз емес екенін мәлімдеп отыр.