Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина авиациясы жаудың 11 позициясына соққы жасады

КИЕВ. 20 тамыз. Украина авиациясы кеше жаудың 11 позициясына соққы берді, басқыншылар жалпы 4 бағытта кейін шегінді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Жұма күні «Оңтүстік» командованиесі жаудың 11 позициясына соққы жасады», – делінген хабарламада.

Жау күні бойы танктердің, бронды техникалардың және артиллерияның қолдауында қимылдаған екі десант-штурмдық бөлімшесінің іс-әрекеттері арқылы өзінің Благодатное – Партизанское бағытындағы тактиикалық жағдайын жақсартып алуға тырысқан.

Кешке қарай Александровкадан Таврия бағытына қарай взвод апармақшы болған, бірақ кері шегінуге мәжбүр етілген.

Оккупанттар сосын құрғақтағы сәтсіздікті әуе шабуылы арқылы жетістікке жеткізуге ұмтылған. Бірақ мұнда да сәтсіздікке ұшыраған.

Осыдан кейін Украина авиациясы көкке көтеріліп, дұшпанның Александровка, Благодатный, Новопетровка, Великое поле, Костромки, Белогорка, Брусинский аудандарындағы 11 нысанына күйрете соққы берген.

Украина Қарулы күштерінің ракета-артиллерия бөлімшелері алдарына қойылған міндеттерді орындап, жаудың радиолокациялық кешенін және «Зоопарк 1» ату бақылау нүктесін, 4 автомобилі мен бронды техникасын жойып жіберді.

Осы күні украин әскерлері Харьков, Славянск, Бахмут және Новопавловск бағыттарында оккупанттарды кері қуып тастады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button