АҚШ барлауы: Ресейдің оқ-дәрілері таусылып келеді
ВАШИНГТОН. 19 тамыз. АҚШ Барлау қызметі ресейліктердің оқ-дәрілерін таусылуға жақын, соғыс басқа кезеңге түсті дегенді айтты. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Ресей басқыншыларының оқ-дәрілері таусылып келеді, енді оның шабуылды қарқынды ете түсетін әлеуеті де азая бастады», – делінген хабарламада.
АҚШ барлауының шенеунігі Пентагонның жабық брифингінде осылай деді.
«Менде оның оқ-дәрілері таусыла бастағанын айғақтайтын деректер өте көп… соның ішінде алыс тылдардағы қоймалардан әкелінген запас оқ-дәрілер жөнінде де», – деп мәлімдеді ол.
Оқ-дәрілер санының қысқара түсуі «ақыр соңында Ресейдің шабуылды бастау қабілетіне де нұқсан келтіреді». Америка барлауының мағлұматынша, қазір Ресей батальон-тактикалық топтарын біріктіріп жатыр. Ол өз күштерін жинап алу жолындағы сұмдық ауыр кезеңді бастан кешіп отыр.
Бұған қарама-қарсы, керісінше Украина «соғыстың басқа кезеңіне» көшті, бірақ әлі өзінің «шыңына» шыққан жоқ. Себебі, «екі жақ та бұл соғыстың спринт емес, марафон екенін жақсы сезіне бастады».
Кеше Қырымдағы «Бельбек» әскери авиабазасында ірі жарылыстар орын алды. Сол күні кещке Керчьте қару-жарақ қоймасы көкке ұшты. Тап сол уақытта Ресейдегі Белгород облысында да өрт шықты.